Amanat партиясының депутаты Зеленскийге Түркияға шабуыл жасауға кеңес берді

Qaz365.kz редакциясы

Желі пайдаланушылары Башинскаяның бұл әрекетін сынап, наразылық білдіруде

kaztag.kz

Алматы мәслихатына AMANAT партиясынан сайланған депутат Анна Башинская Украина президенті Владимир Зеленскийге Қырымның орнына Түркияға шабуыл жасауға кеңес берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Kaztag.kz-ке сілтеме жасап. 

"Зеленский мырза, Түркияға шабуыл жасаған дұрыс! Ол жақта жыл бойы күн жылы", - деп жазды Башинская Deutsche Welle Facebook парақшасында.

Жазбада Зеленский аннексияланған Қырымды Украинаның иелегіне қайтаруды көздейтін қарсы шабуылды жоспарлап отырғаны айтылған.  Владимир Зеленский Yle-ге берген сұхбатында Украинаның жетістігі Батыстың Киевке қару-жарақ жеткізуді жалғастыра ма, жоқ па, соған байланысты екенін атап өткен. Бұған қоса, соғыс ұзаққа, тіпті ондаған жылға жалғасуы мүмкін екенін айтты.

Желі пайдаланушылары Башинскаяның бұл әрекетін сынап, наразылық білдірген.