Ресейліктерге жаңа геосаяси шындықпен санасуды үйренетін уақыт келді

Qaz365.kz редакциясы

Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед Ресей телеарнасындағы шабуылға жауап берді

abai.kz

ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевтің ток-шоуында айтылған мәлімдемелерге мән беріп қарсы пікір айтты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі “5media”-ға сілтеме жасап.

Владимир Соловьевтің шоуында саясаттанушы Дмитрий Дробницкий Ресейдің Украинадан кейінгі мәселесі – Қазақстан екенін айтты. Бағдарламаға қатысушылар оны қолдап, келісті.

"Егер ол Еуразиялық экономикалық одақ пен ҰҚШҰ-дағы дос Ресей мемлекеттік арнасының эфирінде көрсетілмесе, сынамасы төмен сарапшы-фантаст Дробницкийдің пікіріне назар аудармас едік. Ресейлік саясаткерлердің осындай екпінді, мақсатты шабуылдары Соловьевтің шоуында бұрыннан жүйелі болғандықтан, олар Ресей Федерациясының Федералды билігі тарапынан объективті жауапқа лайық. Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғанына 30 жылдан астам уақыт болды. Соловьев пен оған ұқсас саясаткерлер шын мәнінде қазіргі уақытта болып жатқан жағдайларды жіті түсініп, жаңа геосаяси шындықпен санасуды үйренетін уақыт келді", – деп ойлаймын деді сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дмитрий Дробницкий Қазақстанды "нацистік процестер басталуы мүмкін Украинадан кейінгі мәселесі" деп, Семей туралы "Росатомға арналған ядролық отын көзі" деп резонансты пікір білдірген болатын.