17 мамырда тиісті декларацияға Исландияда өткен Еуропа кеңесінің саммитінде мемлекеттер мен үкіметтердің өкілдері қол қойды
17 мамырда мемлекет және үкімет басшылары Исландияда өткен Еуропа кеңесінің саммитінде Украина президенті Владимир Зеленскийдің «бейбітшілік формуласы» қағидаттарын қолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі korrespondent.net-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы саммит декларациясында айтылған. Құжатқа 46 елдің басшылары қол қойды.
«Жауапкершіліксіз бейбітшілік ұзаққа созыла алмайды. Біз Президент Зеленский ұсынған бейбітшілік формуласындағы әділ және ұзақ бейбітшілік принциптерін қолдаймыз», - делінген құжатта.
Зеленский Еуропа кеңесі елдерінің шешімін құптады.
«Еуропа адал бейбітшілік жоспарын қолдағаны аса маңызды. Бұл үшін мен Еуропаның барлық көшбасшысына және Еуропа Кеңесіне қатысушы әрбір мемлекетке алғыс айтамын», - деп атап өтті Зеленский.