«Қазақстан жері неге Қытайда жарнамаланып жатыр»: ҚР СІМ ресми өкілі не дейді

Qaz365.kz редакциясы

Министрлік өкілдері телефонмен аталған жарнама иелеріне хабарласып көрген

pixabay.com

Өткен аптада ел ішінде Қытай елінің бірнеше сайтында «Қазақстанның жері жалға берілетіні» туралы жарнама тарап, ол мәселе біраз талқыланған. Бүгін журналистер мәселенің мәнісін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Бұл жарнаманы біз де көрдік. Қытай тарапына біздің елші дереу жеткізді. Біз де Қытай елшілігіне жеткіздік. Бұл хабарлама біздің ОLХ секілді сайт екен. Модерациядан қалай өткенін білмедік. Соны қазіргі таңда тексеріп, ондайды келешекте болдырмау жолын қарастырып жатырмыз», - деді Айбек Смадияров.

Смадияров Қытай тарапынан нақты жауап келмегенін, жарнаманың «фейк» екенін айтады. Тіпті министрлік өкілдері телефонмен аталған жарнама иелеріне хабарласып көрген.

«Ешкім алмайды. Өзіңіз айтқандай провакация да болуы мүмкін», - дейді Айбек Смадияров.