Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи елімізде саяси қудалау бар деп санайды
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи елімізде саяси қудалау бар деп санайды. Бұл туралы ол тілшілерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
“Жекелеген тұлғаларға байланысты қуғын-сүргін бар. Алысқа бармай-ақ қояйын, таяуда ғана Думан Мұхаммедкәрім қамалды. Ол қоғамға қандай қауіп төндіруі мүмкін? Ол өзі жалғыз жортып жүрген бөрі. Қудалаудың нышандары бар. Осымен үшінші рет қамалып отыр. Менің айтып отырғаным, ол емес. Менің айтып отырғаным, қудалауға тұратын дүние ме сол? Ол жалғыз өзі не бітіреді? Оның артында дүрлігіп тұрған халық жоқ. Сол сияқты Жыланбаевты да екі-үш рет қамады. Әрине, оның партия құрмақ боп жүрген әрекеттері бар. Сол партияның өзінде жөңкілген халық бар деп ойламаймын”, – деді депутат.
Сондай-ақ тілшілер одан депутаттардың саяси қудалаумен күресіп-күреспейтінін сұрады.
“Егер де саяси қудалау ұлттық, елдік сипат алып бара жатса, әрине күресуге мәжбүр боламыз”, – деп жауап берді Бапи.