Жақсыбеков пен Мамин Түркияға футбол көруге барды

Qaz365.kz редакциясы

Әлеуметтік желіде суреті тарады

коллаж Qaz365.kz

Әлеуметтік желіде экс-шенеуніктер Әділбек Жақсыбеков пен Асқар Маминнің футбол тамашалап жүрген суреті тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кеше түнде Түркияның Стамбұл қаласында УЕФА Чемпиондар лигасының финалы өткен. Ақтық бәсекеде Англияның «Манчестер Сити» клубы мен Италияның «Интері» кездесті.

Пеп Гвардиола шәкірттері финалда қарсыласынан басым түсті. Гол авторы – испаниялық Родри. Сөйтіп,
«Манчестер Сити» 32-ші трофейін еншіледі.
Осы ойынға Қазақстаннан Әділбек Жақсыбеков пен Асқар Мамин де барыпты. Екеуі де спорттан алыс адамдар емес. Әділбек Жақсыбеков екі мәрте Қазақстан футбол федерациясын басқарған. Сондай-ақ жеңіл атлетика федерациясының да президенті болған.

Ал Асқар Мамин бірнеше жылдан бері Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының тізгінін ұстап отыр.

Мамин «Қаңтар оқиғасы» кезінде Премьер-Министр қызметінен кеткен.