Бастамаға 63 мыңнан астам адам қол қойып үлгерді
Қазақстан аумағында елдің Еуразиялық экономикалық одақтан (ЕАЭО) және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан (ҰҚШҰ) шығуы үшін қол жинау басталды. Бастамаға 63 мыңнан астам адам қол қойып үлгерді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Қазақстан билігінен ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығуды, сонымен қатар Ресей Федерациясымен барлық ықпалдастық процесті тоқтатуды талап етеміз», – делінген үндеу мәтінінде.
Петиция авторлары Ресей Федерациясынан саясат пен экономика саласы бойынша бойымызды аулақ ұстауды ұсынады.
«Ресейдің кез келген қолдауы елімізді қазіргі Ресей сияқты әлемнен оқшаулайды», – дейді үндеу авторлары.
Республика тұрғындарының мұндай ұстанымы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Беларусь пен Ресей Федерациясының ұсынысына қарамастан, Путинге Қазақстанның жаңа КСРО құруға ниеті жоқтығын айтқан соңғы мәлімдемесіне сәйкес келіп отыр.