Николай Басков пен Григорий Лепс украин танктерін жойғаны үшін әрқайсысы бір миллион рубльден төлеуге дайын екендіктерін білдірген
Саясаттанушы Досым Сәтпаев Ресейдің Украинға қарсы соғысын қолдайтын жұлдыздарды Қазақстанға шақыратындарды қылмыстық жауапкершілікке тарту керек деп санайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
"Егер қалау мен саяси жігер болса, Лепс сияқты Украинадағы соғысты қолдайтын шоу-бизнестегі пропагандистерді Қазақстанға шақыратындардың бәрін Қылмыстық кодекстің бір бабымен жауапкершілікке тартуға болады, себебі олардың Қазақстанға келуінің өзі соғысты насихаттау болып саналады. Олар 2022 жылдың 24 қаңтарынан соң, әншілерден пропагандистерге айналды. Олар ертең ауыз көпіртіп, Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығына күмән келтіретін болады”, – деп жазды Досым Сәтпаев.
Еске салайық, Ресей әншілері Николай Басков пен Григорий Лепс украин танктерін жойғаны үшін әрқайсысы бір миллион рубльден төлеуге дайын екендіктерін білдірген. Осылай деген әнші Қонаевте концерт өткізуді жоспарлап отыр.