Мәжілістегі екі партия Үкіметтің есебіне қарсы дауыс берді

Qaz365.kz редакциясы

Олар республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекітуден бас тартты

parlam.kz

ҚР Парламентінің бірлескен отырысында екі саяси партия Үкімет пен Жоғарғы есеп палатасының 2022 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітуден бас тартты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атап айтқанда ЖСДП мен «Ақ жол» партиясының фракциясы қарсы болды.

«Ақ жол» фракциясы Үкіметтің есебін қолдамайды және біз оған қарсы дауыс береміз. Үкімет есебінде бюджет кірістері артығымен орындалды деп отыр. Оның негізінде салық түсімдерінің 42%-ға және уақытша тартылған қаржының 13%-ға артуы жатыр. Өкінішке қарай, кәсіпкерлер бұл терминдердің астарында не жасырылғанын жақсы біледі. Үкімет кез келген мінбеден бизнеске тексеру мен қысымды азайтып жатқанын мақтанып айтуда. Ал, шын мәнінде жағдай мүлдем басқа», –  дейді «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев.

Екіншісі ЖСДП партиясының басшысы Асхат Рақымжанов болды. 

«Сол секілді ЖСДП фракциясы Есеп палатасының қорытындысын және Үкімет ұсынып зерделенген материалдарды ескере отырып, бұл есепті қабылдауға қарсы», – дейді Асхат Рақымжанов.