Ол Горбачевтің тұсында дүниеге келген буын өзін құрбан етуге дайын емес дейді
«Новая газета» газетінің бас редакторы, журналист, құқық қорғаушы Дмитрий Муратов Германияда өткен Global Media Forum конференциясында Ресей мен Украина арасындағы соғыстың салдарын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Ресейде «соғыс» сөзіне тыйым салынғандықтан және «тозақ» сөзін айтуға әлі де рұқсат етілгендіктен, мен «тозақ» сөзін қолданамын. Арнайы әскери операция жалғасып жатыр. Алайда оның нәтижесі қазірдің өзінде түсінікті. Мен сіздерге соның салдарын айтайын. Украина мен Ресей енді ешқашан бірге болмайды, енді ешқашан бауырлас халық болмайды, әсіресе бірі өзін аға санап отырса», - дейді Дмитрий Муратов.
Оның айтуынша, Ресейде ірі географиялық жаңалық бар, яғни Ресей үшін енді Еуропаға жол жабылған. Оған тор орнатылған.
«Ресейде Құдай ауысты, ресейлік православие шіркеуі арнайы әскери операцияны қолдап, өлімді насихаттай бастады. Отан үшін өмір емес, Отан үшін өлім – бұл жаңа дін. Шіркеу қызметкері ұлынан айырылған аналардың неліктен жылайтынын былай түсіндіреді. Протоиерей Васильев: «Егер сіз контрацептивтерді қолданбасаңыз, көп бала туар едіңіз, сізде жалғыз бала болмас еді, содан кейін онымен қоштасу соншалықты қорқынышты болмас еді» дейді. Бұл теледидардан айтылды. Міне, тағы бір теріс нәтиже», - дейді журналист.
Ол Горбачевтің тұсында дүниеге келген буын өзін құрбан етуге дайын емес дейді. Бүгінде миллионға жуық жас Ресейден кетті. Олар біреуді өлтіргісі келмейді және өздері де өлгісі келмейді.
«Бұл болашақты қалыптастыратын ұрпақ. Олар кәсіпқой, эмпатиясы жоғары адамдар. Олардың дені мәңгілікке Отанын тастап кетті. Олар үй жануарын өздерімен бірге алып жүреді. Үй жануарларына арналған чиптердің саны 26 есе өсті, себебі олар біржолата кетеді. 700 мыңнан миллионға дейін жастар Ресейден кетті. Олар біреуді өлтіргісі келмейді және өздері де өлгісі келмейді. Меніңше, бұл ұрпақты тек Ресей үшін емес, бәріміз үшін сақтау өте маңызды»,- дейді Дмитрий Муратов.
«Неліктен орыстар үндемейді?» деп одан жиі сұрайтын көрінеді. Ресейді соғыс басталғалы бейбітшілікті жақтағандарға қатысты 20 мың іс ашылған. Тіпті Парламентте бейбітшілікті жақтайтын бірде-бір депутат жоқ көрінеді.
«Неліктен олар бүлік шығармайды? Барлық орыс құл ма? Мен бұл сұрақтан қашпаймын, сұраққа сұрақпен жауап беремін. Қайда айту керек? Қайда наразылық білдіруге болады? Митингке тыйым салынған. 600 саяси тұтқын түрмеде отыр. Бейбітшілікті жақтағандарға қатысты 20 мың іс ашылды. 300 тәуелсіз медиа жабылды. Парламентте бейбітшілікті жақтайтын бірде-бір депутат жоқ. Қамауда отырған адамдарға құрмет көрсетіп, жанашырлық танытып, көмектесуіміз керек», - дейді құқыққорғаушы.
Ол Лев Толстойдың романындағы бес әріптен тұратын бірінші сөзді Ресейде айтуға болмайды деп отыр
«Ал екінші сөз «бейбітшілік» сөзі үшін және қанды қырғын болып жатқанда балалардың сурет байқауын өткізетін уақыт емес дегені үшін 61 жастағы депутат Алексей Горинов 7 жылға бас бостандығынан айырылды», – деді журналист.