Бұл туралы Беларусь президентінің баспасөз қызметі хабарлады
25 маусымда Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей президенті Владимир Путинмен және Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Беларусь президентінің баспасөз қызметі хабарлады. Маусымның 25-і түске дейін Лукашенко Ресей президенті Владимир Путинмен, түстен кейін Назарбаевпен әңгімелескен.
"Халықаралық жағдай мен аймақтағы ахуалды және Беларусь - Қазақстан қатынастарын талқылады", – делінген хабарламада.
Лукашенкомен сөйлескені туралы Назарбаевтың баспасөз қызметі хабарламаған. Бұған дейін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 7 маусымда Мәжіліс алаңында Тұңғыш Президент кеңсесі жақын арада жұмысын тоқтататынын мәлімдеген болатын.