Путиннің айтуынша, қарулы бүлік кез келген жағдайда тоқтатылатын еді
26 маусымда Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге үндеу жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Путиннің айтуынша, қарулы бүлік кез келген жағдайда тоқтатылатын еді. Бүлікті ұйымдастырушылар мұны түсінді.
Путин бүлікті ұйымдастырушылар өз елін, халқын сату арқылы сол қылмысқа тартылғандарды да сатқанын айтты. Оларды алдап, өлімге, отқа, өз адамдарын атуға итермеледі.
Ол "Вагнер" жасағының жауынгерлері мен командирлерінің басым көбі өз халқы мен мемлекетіне берілген ресейлік патриоттар екенін білетінін атап өтті.
Сондай-ақ Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкоға жағдайды бейбіт жолмен шешуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Ресей президенті "Вагнер" ЖӘК жауынгерлеріне Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отыруды және үйлеріне қайтуды немесе Беларуське баруды ұсынды.