Назарбаев өзінің атындағы мектептердің, университеттің және қордың жоғарғы кеңесінің басшысы мәртебесінен айырылды

Qaz365.kz редакциясы

Сенат заң жобасын мақұлдады

РИА Новости / Сергей Гунеев

Парламент Сенаты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік, Мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері және Назарбаев Қоры мәртебесі туралы ҚР заңына Мемлекет басшысының дербес білім беру ұйымдарының Жоғары қамқоршылық кеңесін құру жөніндегі өкілеттіктерін айқындау жөнінде түзетулер енгізілген

Заңға сәйкес ҚР Президенті немесе Президент тағайындайтын тұлға Жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы болып табылады. Жоғары Қамқоршылық Кеңес туралы ережені Жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы бекітеді.

Дарынды балалардың НЗМ-де оқуын төлеуге арналған «Өркен» білім грантын енді Назарбаев емес, Тоқаев белгілейтін болды.