Тоқаев ШЫҰ-на мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады

Qaz365.kz редакциясы

Президент отырысқа бейнеконференция форматында қатысады

trt.net.tr

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына бейнеконференция форматында қатысады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жөнінде ақпарат Ақорданың Telegram арнасында жарияланды:

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 4 шілде күні Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына бейнеконференция форматында қатысады", – делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жиын қорытындысы бойынша Нью-Дели декларациясына және басқа да бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.