Ол Франция сотының шешіміне шағымданатынын айтты
Франция соты Мұхтар Әблязовті 30 күн ішінде елден кетуге міндеттеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Іздеудегі және қашып жүрген Мұхтар Әблязов Франция соты оны 30 күн ішінде елден шығып, оны қабылдауға дайын елге кету жөнінде шешім шығарғанын айтты.
"Олар менің Франциядан 30 күн ішінде кетуімді талап етті, ал басқа елге кету үшін менің паспортым да, визам да жоқ", – деді Әблязов.
Ол Франция сотының шешіміне шағымданатынын айтты.