Украина НАТО-ға мүшелікке әлі дайын емес - Байден

Qaz365.kz редакциясы

Оның пікірінше, алдымен соғыс аяқталуы керек

лента.ру

АҚШ президенті Джо Байден CNN телеарнасына берген сұхбатында Украинаның НАТО-ға мүшелікке әлі дайын емес екенін айтты. Оның пікірінше, алдымен соғыс аяқталуы керек, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бірақ АҚШ пен оның альянстағы одақтастары Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз етуді жалғастырады.

"Соғыс жүріп жатқан кезде Украинаны НАТО-ға қабылдау туралы ортақ ой-пікір болады деп ойламаймын", – дейді Байден. 

Байденнің айтуынша, Украинаның НАТО-ға алдағы мүшелігін талқылау ерте болды, дегенмен АҚШ пен оның одақтастары Украинаға қажетті қару-жарақ пен көмек көрсетуді жалғастырады.