Bild: Соғыс бола қалған жағдайда НАТО-да кімнің кімді қорғайтыны белгілі болды

Qaz365.kz редакциясы

НАТО-ның Ресейдің ықтимал шабуылына жауап беретін құпия қорғаныс жоспары 4400 беттен тұрады

delfi.lt

Немістің Bild газеті НАТО (Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы) Ресей шабуылдаған жағдайда кімнің кімді қорғайтынын ойластырып қойғанын жазды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Журналисттің мақаласына сүйенсек, НАТО-ның Ресейдің ықтимал шабуылына жауап беретін құпия қорғаныс жоспары 4400 беттен тұрады. Онда одақ елдерінің Ресей Федерациясынан келетін қауіп-қатерге жауап ретінде не істеу керектігі егжей-тегжейлі жазылған.

Атап айтқанда, Германия негізгі логистикалық хаб рөлін атқаруы керек.

«Жоспарға сәйкес Еуропада әскери дайындық 300 мың солдат пен офицерге дейін ұлғайтылады. Қауіп төнген жағдайда Еуропадағы Жоғарғы бас қолбасшы ешкіммен консультация жасамай-ақ кейбір шешімді қабылдай береді. Оның ішінде 35 000 бундесвер сарбазы болмақ. Шығыста көбірек сарбаздарды орналастыру жоспарлануда. Литваны Германия, Латвияны Канада, Эстонияны Ұлыбритания қорғайды. Ал Польшаға АҚШ жауап береді», – деп жазады басылым.

НАТО-ның жаяу әскерін басқаруға немістің Висбаден қаласында екінші штаб ашу талқылануда, біріншісі Түркияның Измир қаласында орналасқан.

НАТО-ның екінші құрлықтағы қолбасшылығын құру мәселесі талқылануда. Орналасқан жер ретінде неміс Висбадені саналады.

«НАТО жаңа бақылау орталықтарын құру арқылы су астындағы коммуникацияларды диверсиядан жақсырақ қорғағысы келеді», – делінген мақалада.

НАТО сондай-ақ қыңыр шайқастарға төтеп беруге қабілетті ауыр қарулы бөлімшелерін кеңейтеді, әуе қорғаныс жүйелерін нығайтады және алыс қашықтықтағы артиллерия мен зымырандардың қорын көбейтеді.