Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президентіне көңіл айтты

Qaz365.kz редакциясы

Су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты

akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльге көңіл айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльге көңіл айту жеделхатын жолдады.

– Табиғат апаты салдарынан болған орны толмас қайғыға ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған азаматтарға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккен жандардың тез арада сауығуын, із-түссіз жоғалған азаматтардың отбасыларына оралуын тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстік Кореяда жаңбырдан қаза тапқандар саны 32 адамға жеткен.