Ол желіде «Путинсіз Қазақстан» деген сериялық постар жариялап жүр
Жақында Facebook белгілі саяси қайраткер Ғалымжан Жақиянов тіркелген болатын. Ол желіде
«Путинсіз Қазақстан» деген сериялық постар жариялап жүр. Бүгін саясаткер Қазақстанның егемендігі мәселесін сезім мен эмоция деңгейінде қабылдайтындарға қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Егемендік күрделі және ұзақ уақытта шешілетін мәселе ретінде қарастырылмайды. Бұл дұрыс емес.
Нағыз егемендікке жету мәселесінің екі қыры бар: тәуелсіздігімізді шектеуге тырысатын сыртқы әрекеттер мен ондай агрессияға қарсы тұратындай ішкі мүмкіндіктердің болуы. Біз Кремльдің империялық амбициясы жақын арада айтарлықтай әлсірейді деп күтеміз. Алайда бұл егемендік мәселесін толық шешу үшін жеткіліксіз. Мемлекетіміздің тұғырын бекемдемей, тұрақтылығын түбегейлі нығайтпай, егемендікке қол жеткізе алмаймыз. Ол үшін саяси, ең алдымен, конституциялық реформа керек», - дейді Ғалымжан Жақиянов.
Бір кездері Семей және Павлодар облыстарында әкім болған экс-шенеунік
Қазақстанның 30 жылдық тарихы Нұрсұлтан Назарбаевтың «алдымен экономика, сосын саясат» доктринасы егемендігі үшін қаншалықты зиян болғанын көрсетті деп отыр. Бара-бара бұл «саясат мүлде жоқ» доктринасына, немесе елбасыдан басқа азаматтардың саясатпен айналысуына тыйым салуға айналғанын жеткізді.
Осылайша, әу бастан-ақ ұлт жеңілісіне шикілік жаратылды. Еркін мемлекетке тән өкілетті парламент, оған бағынышты үкімет, әділ сот, тәуелсіз БАҚ және т.б. институттар болмай, егеменді Қазақстан құру мүмкін емес. Осы орайда, бір кездері шен-шекпендінің аузынан түспеген, қазір мүлде ұмыт болған «Қазақстан-2030» стратегиясы бар. Кезінде, 2004 жылы Құсмұрын колониясында отырғанымда «ПОКУШЕНИЕ НА МИРАЖИ» атты көлемді мақала жазғанмын. Мен онда осы стратегиянын нақ атасы, аты шулы тыңшы әрі жемқор Джеймс Гиффен елімізді дамыту жоспары орнына шын мәнінде қазба байлықтарымызды жымқыру жоспарын ұсынғанын көрсеткен едім»,- дейді экс-шенеунік.
Ол Назарбаев мемлекеттің ақшасы
неғұрлым көп болса, соғұрлым еліміз күшті болады деп есептеген сияқты деп отыр.
«Шындығында, бәрі олай емес. Табиғи ресурстардан түсетін «оңай» ақша көбейген сайын мемлекет басшысы қалтасын тез қомпайтып, халықты алдап-арбап, диктаторға айналады. Сонымен бірге мемлекеттің осал тұстары көбейіп, әлсірейді, ал диктатордың өзі ақырында келмеске кетеді. Қазіргі президент өзінің «Стратегия-2029» бағдарламасын жоспарлағанда (7 жылдық мерзімі аяқталғанда) осыны ескеретін болар», - дейді Ғалымжан Жақиянов.