«Қазақтелеком» АҚ ауған тарапымен келісімшартқа отырды
Қазақстан Ауғанстанды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен Ауғанстанның Сауда және өнеркәсіп министрі Альхадж Нуриддин Азизи ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады.
Бұл кездесудің егжей-тегжейлері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайтында берілген.
Бірақ қазақстандық тараптың Ауғанстанға жоғары жылдамдықты интернет жеткізуі туралы мәліметтер ерекше қызық.
«Қазақстан отандық компаниялардың Ауғанстанда жүзеге асырылатын басқа да экономикалық жобаларға, әсіресе көлік, тау-кен өнеркәсібі, телекоммуникация және ауыл шаруашылығы салаларында қатысу мүмкіндігін қарастыруда.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың сәуір айында қазақстандық делегацияның Кабулға сапарынан кейін «Қазақтелеком» АҚ Ауғанстан тарапымен коммерциялық негізде Ауғанстанға талшықты-оптикалық интернет жеткізу туралы келісімшартқа қол қойды», – делінген сайтта.