Мәскеуде такси жүргізушісі болып жүрген Қырғызстан азаматы соққыға жығылды
Мәскеуде такси жүргізушісі болып жүрген Қырғызстан азаматы соққыға жығылған болатын. Аталған жайттан кейін Қырғызстан Ресей СІМ-ге нота жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Әлеуметтік желілерде бір жолаушы таксистке жұдырық ала жүгіргені туралы видео тарады. Ішімдік алып кірген жолаушыға таксист көлікте ішімдік ішуге болмайтынын ескерткен. Осыдан кейін жолаушы такси жүргізушісін ұрып тастады. Зардап шегуші полицияға шағымданғанымен, олар бұл істі қараудан бас тартқан.
Грант-2023: Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі дайын
Аталған жайттан кейін Қырғызстан Мәскеуде қырғыз азаматының соққыға жығылуына байланысты Ресей СІМ-ге нота жолдады.
3 тамызда Қырғызстан сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі зардап шеккен қырғыз азаматымен хабарласып, заң тұрғысынан көмек беріп жатқаны айтылған.
"Таксист болып істейтін қырғыз азаматы 2023 жылғы 18 шілдеде соққыға жығылған. Зардап шегуші елшілікке хабарласпады. Осы оқиғаға байланысты елшілік зардап шеккен азаматтың құқығы мен мүддесін қорғау үшін шара қолданып жатыр. Ресей сыртқы істер министрлігіне елшіліктің ресми нотасы жолданды", – деп жазылған СІМ мәлімдемесінде.