Қырғызстанда “Вагнерге” жалданды деген күдікпен ер адам ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Ол он жылға дейін сотталуы мүмкін

24.kg

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Украинадағы ұрыс қимылдарына қатысқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ол 2022 жылы 22 ақпанда Ресейге жұмыс істеуге кеткен, ол жерде қылмыс жасап, қылмыстық жауапкершілікке тартылып, түзеу мекемелерінің бірінде жазасын өтеген.

"Ресей Федерациясының қарулы күштері Украина аумағында жүргізген арнайы әскери операция фонында оны "Вагнер" өкілдері қабылдап, келісімшарт негізінде жауынгерлік тапсырмаларды орындайтын әскери топтардың қатарына қосылды. Украина аумағында 2023 жылдың 1 тамызында ұсталып, тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.

Ұсталған адамның әйелі күйеуінің Мәскеуден 8 шілдеде келгенін айтты. 

Ол Қырғызстан заңына сәйкес, бөтен елдің соғысына қатысқаны үшін он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұл Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін Қырғызстанда ұсталған екінші азамат. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің қызметкерлері Украина аумағында соғыс қимылдарына қатысқан қырғызстандық Асқар Кубанычбек уулун ұстаған болатын. Ол 10 жылға сотталды. Ол Ресей азаматтығын беруді сұраған болатын.