Евгений Пригожинге тиесілі ұшақ құлап, адамдардың бәрі қайтыс болды

Qaz365.kz редакциясы

Сондай-ақ «Вагнердің» командирларының бірі Дмитрий Уткиннің де осында болғанын жазып жатқандар бар

Фото: Марина Молдавская, Коммерсантъ

23 тамыз күні кешке  Ресейдің Тверь облысы Бологов ауданында ұшақ құлады. Ұшақтың ішінде «Вагнер» жеке әскерінің басшысы Евгений Пригожин болуы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Өйткені Росавиацияның мәліметінше, Пригожин осы ұшақта болған. Барлығы 10 адам қайтыс болды.

 

«Ұшақта он адам, оның ішінде үш экипаж мүшесі болған. Алдын ала мәлімет бойынша, борттағылардың барлығы қаза тапты», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ «Вагнердің» командирларының бірі Дмитрий Уткиннің де осында болғанын жазып жатқандар бар. 

Ұшақ Мәскеуден Санкт-Петербургке ұшып бара жатқаны нақтыланды.  Экипаж Куженкино ауылының маңында құлаған. Қазір құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізуде.