Апат болған жерден сегіз адамның мәйіті табылған
Вагнер ЖӘК басшысы Евгений Пригожин қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұған дейін Ресейдің Тверь облысында «Вагнер ПМК» басшысы Евгений Пригожинге тиесілі жеке ұшақтың апатқа ұшырағаны хабарланған болатын.
Жолаушылар арасында Пригожиннің өзі, Дмитрий Уткин және тағы сегіз адам болған.
Бизнес-джет, алдын ала мәлімет бойынша, Мәскеуден Санкт-Петербургке дейін бара жатқан.
Құтқару операциясы аяқталып, барлық қаза тапқандардың мәйіті табылғаны хабарланды.