Сенат 25 қазанды ұлттық мереке – "Республика күні" деп белгілеу туралы заң жобасын қолдаған
Қасым-Жомарт Тоқаев кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
“Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды”, ‒ делінген Ақорда сайтында.
Бұған дейін Сенат депутаттары мерекелерге түзетулер пакетін, оның ішінде 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні деп белгілеу туралы өзгертуді қолдаған болатын.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.