Бұған дейінгі жолдаудағы тапсырмалар орындалды: Әлихан Смаилов

Qaz365.kz редакциясы

Премьер-министр президенттің 2019-2022 жылдарға арналған жолдауларының орындалу барысы туралы хабардар етті

primeminister.kz

«АМАНАТ» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының премьер-Министрі Әлихан Смайылов сөз сөйледі, деп хабарлайды  Qaz365.kz Үкіметке сілтеме жасап. 
Премьер-Министр президенттің бұған дейінгі жолдауларындағы тапсырмалары орындалды деп есептейді.

“Мемлекет басшысының алдыңғы жолдауларда берген тапсырмалары жалпы орындалды деп айтуға болады. Жүйелі және ұзақ мерзімді тапсырмаларды іске асыру жалғасуда.  Жалпы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды жүйелі жұмыс атқарылып келеді. Үкімет Парламентпен бірлесіп, алға қойылған міндеттерді іске асыру жұмысын жалғастырады”, – дейді премьер-министр.