Ұлттық банк төрағасы ауысты

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Ақорда хабарлады

akorda.kz

Президент Жарлығымен Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Оның орнына Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалды. Сүлейменовтың кандидатурасын президент сенатқа ұсынған. Жоғары палатаның қаржы және бюджет комитетінде бұл ұсыныс қаралған. Комитет мақұлдаған. Сенат депутаттары ашық дауыс беру арқылы Сүлейменовтың кандидатурасын қолдап дауыс берді.