Ақтөбе облысына жаңа әкім тағайындалды
Ақтөбе облысына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Берлешұлы Шахаров Ақтөбе облысының әкімі лауазымына тағайындалды”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Асхат Шахаров 1978 жылы 3 қазанда Ресейде, Орынбор облысы Ақбұлақ ауылында туған. Самбодан үш дүркін әлем чемпионы және Сидней Олимпиадасының қатысушысы. Сонымен қатар Ақтөбе қаласының әкімі де болып қызмет атқарған.