Қазақ тілін барлық мемлекеттік қызметкерге міндеттеу талабы тағы да орындалмай қалды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл жөнінде Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов мәлімдеді

коллаж Qaz365.kz

Қазақстанда жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін білу міндеттеледі, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Inform.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл жөнінде Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» бекітеді. Алғашында барлық мемлекеттік қызметкерге міндеттеуді енгізіп көрдік, бірақ түрлі қарсылық болды. Талқылау барысында министр, министр орынбасары, әкім, әкім орынбасары секілді тек жоғары лауазымды тұлғаларға мемлекет тілді білуі міндетелді», - деді тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов.

Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов қазақ тілі 3 жылдың ішінде толық мемлекеттік тілге айналатынын айтқан еді.