«Қазақстандықтар қатты қорқады». Алматыға келген  ресейлік журналистер қандай қорытынды шығарды

Qaz365.kz редакциясы

Ешқандай руссофобиялық көңіл-күй сезілмеді

коллаж Qaz365.kz

Ресейдің NEWS.ru порталының журналистері жақында Қазақстанға келіпті. Олар Алматыда қаласында болып, жергілікті тұрғындардың орыстарға деген көзқарасын сұраған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Порталдың жазуынша, қазақстандықтар 2022 жылғы «Қаңтар оқиғасынан» кейін қатты қорқып қалған. Бұл іссапарды Украинадағы арнайы әскери операцияға арналған Ұшқышсыз әуе соғыс аппараты өндірістерінің ((БПЛА) негізін қалаушысы Дмитрий Раевский ұйымдастырған.

«Қазақстанға бару үшін виза талап етілмейді және шекарадан тек Ресей паспорты бойынша өтуге болады. Жергілікті тұрғындар қазақ және орыс тілдерінде сөйлейді. Ресей Федерациясының туристеріне кездесетін жалғыз қолайсыздық – банктік карталар. Өйткені Ресейдің банктік карталары жұмыс істемейді. Ал рубльді жергілікті валютаға яғни теңгеге ауыстыру айырбастау пункттерінде төлқұжат болған жағдайда рұсат етіледі», - делінген порталдың мақаласында.

 

Лепстің концерті неге өтпей қалды? Земфираға ренжіген адам көп

«Біз Мәскеуден келгенімізді жасырмадық. Ешқандай руссофобиялық көңіл-күй сезілмеді. Барлығы достық қарым-қатынаста болды. Жергілікті көрікті жерлерді, асханаларды көрсетті», - дейді NEWS.ru Ресей-Қазақстан брифингінің қатысушысы Мәскеуден Василий Кондратьев.

Түнгі клубтарда негізінен ағылшын тіліндегі музыкалар қойылады.

«Ресейлік артистерге халық достық ниетпен қарайды, бірақ бір нюанс бар», - дейді қазақстандық журналист Аида Иманәлі NEWS.ru тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, мысалы, жақында әнші Земфирамен болған оқиға көптеген қазақстандықтардың көңілін қалдырды (Ресей Федерациясының Әділет министрлігі иноагенттер тізіміне енгізген).

«Болашақта әншімен және оның командасымен Қазақстандағы артистердің гастрольдік сапарларын ұйымдастырушылар әріптестік орната ма, жоқ па, соны айту қиын. Бірақ қазақстандықтар оның әрекетіне қатты таң қалды, Әйтпесе, біздің буын Земфираның әндерін тыңдап өскен болатын», - дейді Иманәлі.
 

Ол сондай-ақ Земфира концертіне билеттердің құны шамамен 30-40 мың теңге (6-8 мың рубль) болғанын айтты. Жергілікті стандарттар бойынша бұл өте қымбат. Өйткені, Қазақстандағы кейбір азаматтардың жалақысы осы шамалас.

Григорий Лепстің концерттері Қазақстанда неге біраз уақыт бұрын тоқтатылды деген сұраққа журналист бұл «Ресейдің Украинадағы арнайы операциясын белсенді қолдауына байланысты» деп жауап берді. Ол әншінің міндеті ән айту, ал саясатта бейтараптықты сақтау керек екенін жеткізді.


Галкин концертін өткізуге қалай көндірді?

31 тамызда Максим Галкин Қазақстанда өтуі тиіс концерттеріне тыйым салынғанын айтып, шағымданған. Бұдан кейін Астананың мәдениет басқармасы аталған жайтқан түсініктеме беріп, 8 қазанда Қазақстанда мұғалімдер күні аталып өтетінін, соған орай мерекелік концерттер ұйымдастырылатынын, сол себепті ресейлік актерге басқа күнді таңдауға ұсыныс берілгенін жеткізді.

Кейіннен басқа күнде болса да, Максим Галкиннің концерті өтетіні белгілі болды.

«Әйтеуір, ол концерт ұйымдастырушыларын шамасы көндірген сияқты»,- деп санайды Иманәлі.

Ол жұбайы Алла Пугачеваның концертіне билеттер де қымбат болады деп болжады. Өйткені Пугачева «посткеңестік елдеріндегі ең танымал медиаперсондардың бірі» екенін еске салды.

«Қазақстандықтардың арасында Ресейде иноагент деп танылғандарды қолдайтындар бар. Өйткені олар өз көзқарасын білдіруге құқылы деп санайды. Ал кейбіреулер соғыс басталғаннан кейін Ресейден кеткен артистер шындық үшін күресушілер емес, тек Батыстағы өз мүлкін сақтап қалу үшін, өз елін тастап кетті деп ойлайтындар бар”, – дейді журналист.

Неліктен Қазақстан арандатушылықтан қатты қорқады

Қоғамдық брифингтің ұйымдастырушысы Дмитрий Раевский екі жақта да жұмыс істейді.

«Қазақстандықтар 2022 жылдың басындағы «Қаңтар оқиғасының» қайталануынан қатты қорқады деп айтты», – деді ол NEWS.ru тілшісіне.

«Өздерін белсенді деп атаған кейбір топтар сол кезде қазіргі билікке қарсы болды. Олар қазақстандықтарды көшеге шығуға, баррикадалар салуға итермеледі. Мұның себебі газ бағасының өсуінен басталды», - деп еске салды Раевский.

Ол бұл наразылықтар 2014 жылы Украинаның майданында болған оқиғаларға ұқсас болғанын атап өтті.

«Елдің қуанышына орай, қақтығыс тез тоқтады. . Қазақстандықтар қоғам ішіндегі жанжалдың қайталануын қаламайды және қорқады. Барлығы келіспеушілік хаос пен күйреуге әкелетінін түсінеді, одан қарапайым адамдар міндетті түрде жапа шегеді», - деді Раевский.

Ол сондай-ақ жақында Қазақстандағы революциялық оқиғалардың «алдын ала дайындалған сипатқа» ие болғаны анықталғанын атап өтті.

«Саяси ұрандармен сөйлеген және сауда нүктелерін дүр сілкіндірген наразы азаматтар арандатушылар екені анықталды. Олардың бір бөлігі іс жүзінде Қазақстан аумағында Батыс арнайы қызметтері дайындаған содырлар», - дейді саясаттанушы.

Оның мәліметінше, Қазақстан Қауіпсіздік комитетінің басшысы қолдаған деп отыр. Яғни әңгіме Кәрім Мәсімов жөнінде.

«Қылмысы әшкере болғанда түрмеге қамалды. Оның елді шайқау жоспары болған. Бұрынғы посткеңестік кеңістіктің аумағында осындай қақтығыстар болып тұратынына назар аударған жөн», - дейді Раевский.

Ол АҚШ бұл қақтығыстарды қоздыруға көп ақша салады деп санайды. Өйткені штат билігі «әлемде хаос неғұрлым көп болса, доллар соғұрлым күшті болады» деген сөзді басшылыққа алады деп отыр.

Ол қазақстандықтар ешқандай арандатушылыққа бой алдырмайды деп үміттенеді.

«Қазақстан Украинаның мысалын жақсы түсінеді. Өйткені АҚШ Ресей мен Украинаның арасына от салды», - дейді саясаттанушы.