Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін 2,4 млн астам мұрағат карточкасы құпиясыздандырылды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады

freepik.com

Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиямымен 1929-1956 жылдар аралығындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 миллионнан астам мұрағат карточкалары құпиясыздандырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz

 

"251 мың арнайы қоныс аударылғандардың ісі Президент Мұрағатына өткізілді, кейіннен олар мүдделі тұлғаларға қолжетімді болады.

265 мың іс жыл соңына дейін сонда өткізіледі.

311 мың адам мәжбүрлі, арнайы қоныс аударылғандар және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар қатарынан ақталды”, – дейді Бас прокуратура мәлімдемесінде.