Министр Шарлапаев: Мен ешқандай бөтен адам емеспін, Қазақстанға қайтып келген қандаспын

Qaz365.kz редакциясы

Министр қазақ тілін үйреніп жүргенін айтты

qmonitor.kz

Жақында ғана Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалған Қанат Шарлапаев бүгін үкімет баспасөз отырысында қазақ тілін үйреніп жүргенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Журналистердің бірі Шарлапаевтан шетелде туғанына байланысты сұраққа бөтен адам емеспін деп жауап берді.

“Мен қазір өзім қазақ тілін меңгеріп жатырмын. Аптасына 5 рет сабақ алам, мұғалім келеді, сонымен қазақша сабақ алам. Ең алдымен, мен ешқандай бөтен, өзге адам емеспін. Мен Қазақстанға қайтып келген қандаспын”, - деді Қанат Шарлапаев.

Министр баспасөз хатшысына Бәйтеректе еңбек еткен хатшыны әкеп қойғанына бос вакансия себеп болды дейді. Ал қалған қызметкерлерді өз лауазымынан алмаймын деп отыр.  

“Бәйтерекке келгеннен кейін бір адам өзгертпедім. Қандай әріптестерім болды – солар қалды. Сонымен, министрлікте де солай болады. Өз вице-министрлерім ішінде ешкімді өзгертпеймін. Жұмыс білетін адамдармен бірге жұмыс істеймін”, - деді ол.