«Маған сенім артқан бір адам болды»: Зүлфия Сүлейменова Президент кеңесшісі болып тағайындалды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Ақорда хабарлады

Qazaqstan.tv

Зүлфия Сүлейменова Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі, сонымен қатар, президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі боп бекітілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін ол Экология министрлігін басқарған еді. 1 қыркүйекте мемлекет басшысының жарлығымен министр қызметінен босатылған еді. 

Оның орнына тағайындалған Ерлан Нысанбаев пен әріптестері гүл беріп, шығарып салған
 

«Әрине, бірінші жауапкершілік – осы жұмысты атқара аламын ба деген ой болатын. Министр болғанша ведомствоның ішінде еңбек еттім. Соның ішінде экологияға жауапты болдым. Дегенмен  маған сенім артқан бір адам болды. Зүлфияның қолынан келеді-ау деген адам болды.  Қазіргі таңда аталған сенімді ақтауға тырысып жатырмын. Сенім деген үлкен мотивация. Әрине, артында із қалдыру», - дейді Зүлфия Сүлейменова.