Қазақстан ҰҚШҰ-дан Армениямен бірге шыға ма - ҚР СІМ жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді

iz.ru

Әлеуметтік желілерде Қазақстанның ҰҚШҰ-дан шығу жөнінде ақпарат тараған болатын.  Қазақстанның СІМ бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы Қазақстанның СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

«Ол шындыққа жанаспайтын ақпарат», - деді Айбек Смадияров.


Оның айтуынша, «егер Армения өз талаптарын беріп жатса, ол өздерінің ісі екенін» атап өтті.

«Біз сол ұйымның шеңберінде жұмыс істеп жатырмыз. Ұйым мүшелерімен екі-үш күн бұрын ғана кездесіп, мәселелерді талқыладық. Ұйымның ары қарай дамуын талқыладық. Қазақстан кезінде сол ұйымның құрылуына атсалысқан», - деді Айбек Смадияров.