Ешқайда шықпау туралы қолхатпен жүрген Самат Әбіш Әсет Шындалиевтің айтуынша, тергеуші шақырса, өзі келеді
Бас прокурордың орынбасары Самат Әбіштің үстінен қандай іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің айтуынша, Самат Әбіштің үстінен лауазымын асыра пайдалану бойынша іс қозғалған,
«Өздеріңіз білетіндей, тергеу деректерін алдын ала жариялауға болмайды. Бас прокуратура мәлімет берді. Сол жарияланған ақпаратпен шектеледі», - деді Шындалиев мәжіліс кулуарында.
Құзырлы орган өкілінің айтуынша, Самат Әбіш ешқайда кетпеу туралы қолхатпен Қазақстанда жүр.
«Құқықтық статусы туралы сұрасаңыз, шынымды айтсам, ол қылмыстық істен хабарым жоқ. Алайда лауазымын асыра пайдалану бойынша оның үстінен іс қозғалғанын білемін. Самат Әбіштің ісі менің мәліметімше, қашан қозғалғанын білмеймін. Бірақ ол кісінің тергеліп жүргеніне біраз болды», - деді ол.
Ешқайда шықпау туралы қолхатпен жүрген Самат Әбіш Әсет Шындалиевтің айтуынша, тергеуші шақырса, өзі келеді. Оны ешкім қадағаламайды. Үйқамаққа алынған жағдайда ғана оны құзыретті органдар бақылайды.