Қазақстан екі ел арасын араңдатқысы келетін ресейліктерді арнайы тізімге қосып жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті

egemen.kz

Журналистер бүгінгі баспасөз мәслихатында Айбек Смадияровтан ресейлік эндокринологтардың бірінің сөзі жөнінде пікірін сұраған. Ресейлік дәрігер «арандатушылар көбейсе, Ресейге Қазақстанға басып кіруге мәжбүр болады» деген, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Миллион аудиориясы бар дәрігер-эндокринологқа менен дұғай-дұғай сәлем. Ол жөнсіз сөз айтқанша, адамдарды емдесін. Бізде Ресеймен қарым-қатынас жақты. Көршіміз. Стратегиялық тұрғыда дос мемлекетпіз», - деді ол.

Журналистер соғыс басталғалы Қазақстанға қарсы сөз айтқан ресейліктер көп болды. Оларды арнайы тізімге қосасыздар ма деген сұраққа ҚР СІМ ресми өкілі әлбетте деп жауап берді.

«Әрине, біз сондай тізімді жүргізіп жатырмыз. Бірақ бұл жұмыс тізімі. Жариялай алмаймын», - деді ол.