Түркістан облысында депутатты сабап кетті

Qaz365.kz редакциясы

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан да Ішкі істер министрлігін белгілеген

Ашық дереккөзден

Түркістан облысында депутатты сабап кетті. Бұл туралы әлеуметтік желіге журналист Амангелді Батырбеков жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Дабыл! Дәл қазір халық шынайы сайлаған Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаты, естеріңізде шығар. Біздің Руслан Насыровты жүгенсіз кеткен қылмыстық топ үйінің ауласына кіріп, машинасын талқандап, бала-шағасының көзінше  соққыға жығып кетті! Сарыағаш ауданының прокуроры Жаннұр мырза, полиция бөлімінің басшысы Есен мырза! Шұғыл  шара көрулеріңізді талап етемін!» - дейді Батырбеков.


Журналистінің бұл постына әлеуметтік желі қолданушылары қызу пікір қалдырып, істің әділ тергелуін талап етіп жатыр. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан да Ішкі істер министрлігін белгілеген. Әзірге ресми органдар бұл іс бойынша ақпарат таратқан жоқ.