Израиль-Хамас соғысы мұнайды қымбаттатып, Қазақстан экономикасына оң әсерін тигізген

Qaz365.kz редакциясы

Бұл сұрақ үкіметтің баспасөз орталығында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровқа қойылды

Фото: Mohammed Salem/Reuters

Таяу Шығыстағы соғыстан кейін әлемде мұнай бағасы өсе бастады. Бұл жағдай жалпы Қазақстанның экономикасына қалай әсер етеді? Бұл сұрақ үкіметтің баспасөз орталығында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровқа қойылды, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Біздің болжамымыз бойынша, мұнай бағасы бюджетке қойылған бағасына сәйкес болып жатыр. Оның бюджетке оң жағынан әсері бар. Жалпы республикалық бюджетке тікелей баратын қаражат бойынша да, Ұлттық қорға баратын қаражат бойынша да. Осы жалпы жағдай экономикалық өсімге оң жағын тигізіп жатыр», - деді Қуантыров.


Десе де Қазақстан мен Израильдің бірлескен жобасы көп. Олардың келешегі не болады деген сұраққа «басталғанына екі-үш күн ғана болады, оның келешегі алда белгілі болады» деп жауап берді министр.