Депутат хейтерлердің жазған әр түрлі балағат сөздерін басқа да пікірлерін жинақтап шығарған
Соңғы кездері Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың белсенділігі артқан. МӘМС, «алаяқтардың 80 пайызы намаз оқитындар» деп айтқаны қоғамда үлкен резонанс тудырды. Тіпті, әлеуметтік желіде оған хейт жазатындар көбейген. Депутат соларға жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
“Ұға алмаса жан сырымды бұл ортам, кімге өкпелеп, қай пендеге мін артам? Шалбар киіп жүргеннен соң, шірімей, келе жатыр мойымдағы қыл арқан...”, - дейді ол.
Депутат хейтерлердің жазған әр түрлі балағат сөздерін басқа да пікірлерін жинақтап шығарған.
«Ринат, жоғалшы, кімге керексің, түрінді көрсем көпке дейін тамақ іше алмаймын», «Артиссің ғой, домбыранды тартып жүре бер», «Ринат сатқын. Заңды жаттап, ертеңінде айтып берем дегені қайда?», «Ол қазақ халқының ар-намысын әлдеқашан театр директорының креслосына айырбастаған», «Ринаттың үстінен Egov-та арыз беру керек», «Нағыз түлкі, әр сауалға қитұрқы жауап береді», «Маскасы шешілген, изоляторға кіріп шыққанда-ақ сезгенмін», «Сенде қудың ғой», «Билікке осындай адамдар керек, мұның бәрі маска кигендер», «Әміржан Қосановтың күшігі», - деген пікірлер өте көп.
Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов МӘМС қызметін уақытша тоқтатуды талап еткен. Оның сөзінше, міндетті медициналық сақтандыру дұрыс жұмыс істемейді. «Адам өліп жатыр ауылда, жедел-жәрдем келмейді, сақтандыруың жоқ деп ауылдарда дәрігерлер емдемейді» деп сынайды депутат.
Сонымен қатар оның «алаяқтық жасап жүргендердің 80 пайызы намаз оқитындар» деген сөзі қоғамда қызу талқыланған болатын.