"Кімнен қорқады": Заңсыз активтерді қайтаратын комиссия құрамы құпия болады

Qaz365.kz редакциясы

Құжат комиссия құрамы бойынша жабық

Коллаж Айқын

Заңсыз активтерді қайтаратын комиссия құрамы құпия болады. Бұл туралы Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанова айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия құрамында заңда қарастырылған бүкіл лауазымды тұлғалар мен қоғам қайраткерлері бар. Бірақ бұл құжат комиссия құрамы бойынша жабық. Неліктен? Өйткені бұл лауазымыды тұлғалардың артынан сұрақтар қойып, жұмысына кедергі келтіруі мүмкін болғандықтан, біз мұндай құжатты ДСП (Для служебного пользования – Қызметтік қолданыс үшін) ретінде тіркедік», - дейді Алма Мұқанова.


Алма Мұқанованың айтуынша, заңсыз шығарған активті азамат қайтарса, оның сотта жазасы жеңілдеуі мүмкін. Яғни ондай адамда процессуалдық келісімге келу құқығы болады.