Депутаттың Ыбырай Алтынсарин туралы айтқан ойы қызу талқыланған еді
Әлеуметтік желіде депутат Ринат Зайытовқа қатысты қаралау компаниясы жүріп жатқаны туралы ақпарат тараған. Осыған қатысты депутаттың өзі пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Маған жеткен ақпарат бойынша ондай жұмыс 15-17 қараша арасында аяқталуы тиіс. Барлығын айтып алсын. Содан кейін өз жауабымды беремін», - дейді Ринат Зайытов.
Жақында оның биыл Мәжіліс сайлауының қарсаңында Думан Мұхамедкәрімге берген сұхбатының үзіндісі тарап кеткені бар. Онда ағартушы-ұстаз Ыбырай Алтынсарин туралы пікірін контекстен жұлып алып, таратып жіберген.
«Мен Ыбырай Алтынсаринді мектеп ашуға мәжбүр болып, осындай христиан дінін қабылдағандай қадамға барды деп айтқанмын. Соны қиып алып, бұрмалап таратып жатыр. Әзірге айтып алсын деп күтіп отырмын. Сосын өз жауабымды беремін», – дейді депутат.