Дариға Назарбаеваның экс-құдасы Қайрат Боранбаев бостандыққа шығады

Qaz365.kz редакциясы

Оның жазасы жеңілдетілді

Ашық дереккөзден

Дариға Назарбаеваның экс-құдасы, кәсіпкер Қайрат Боранбаев түрмеден босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның жазасы жеңілдетілді. Бас бостандығынан айырудың орнына – шектеу (бұл пробациялық бақылауда болады).

Соттың ақпаратына сүйенсек, мына пункттер орындалғандықтан, бостандыққа шығатын болған:

- егер сотталған адам жазаның 1/3 бөлігін өтесе (2 жыл 4 ай 5 күн);

- мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеп, тергеуге көмектесті және ісіне өкінеді;
- қамауға алынған кезде оған оң анықтама берілді.

Айта кетейік, Қайрат Боранбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қыркүйекте мерзімі 6 жылға дейін қысқарды.

Соңғы кездері Қаржы мониторинг агенттігі күнде Қайрат Боранбаевтың мемлекетке қайтарған мүлігі туралы мәлімдеме жариялап жатыр.