Қазақстанда алдағы үш жылда мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізуге 196 млрд теңге бөлінеді

Qaz365.kz редакциясы

Қазақ тіліндегі теле және радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемін 20%-ға ұлғайту ұсынылып отыр

Коллаж: Qaz365.kz

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың сенаторларға берген жауабында жазылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сенаторлар бұған дейін отандық телеарналардан шетелдік телехикаяларды көрсетуді шектейтін заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді талап еткен еді. Депутаттардың бұл талабына жауап берген Тамара Дүйсенова «Масс-медиа туралы» заң жобасында осы мақсатта шетелдік теле және радиобағдарламаларды ретрансляциялауды 20%-дан 10% дейін азайту көзделгенін атап өтеді. Қазақ тіліндегі теле және радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемін 50%-дан 70%-ға дейін, яғни 20%-ға ұлғайту ұсынылып отырғанын жеткізеді.

«2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға жалпы сомасы 196 127 млн теңге мөлшерінде шығыстар қарастырылған. 2024 жылға 62 890 млн теңге, (оның ішінде отандық сериалдар шығаруға 1 827 млн теңге, дубляж қызметіне 178 млн теңге, меншікті хабарларды шығаруға 1 224 млн теңге, телерадио бағдарламаларды таратуға 8 916 млн теңге). 2025 жылға 66 067 млн теңге, 2026 жылға 67 169 млн теңге», – делінген жауапта.

Сонымен қатар жауапта қолданыстағы салық заңнамасында кинотеатрлардың  ұлттық фильмдерді көбірек экранға шығаруына және инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды еліміздің киноиндустриясына  қаражат салуға ынталандыру мақсатында мынадай жеңілдіктер қарастырылғаны жазылған.