«Дайындықсыз келеді»: Депутат Жаңбыршин министрлер мен вице-министрлерді сынады

Qaz365.kz редакциясы

Депутат министрлерді сынға алды

Фото: ашық дереккөзден

Депутат Еділ Жаңбыршин Мәжіліс отырысында министрлерді сынға алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәжілісте Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндама жасап, депутаттардың сұрақтарына жауап берген. Онымен бірге келген Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаевтың жауабы оның алдында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың көңілінен шықпаған еді. Осыған келгенде депутат Еділ Жаңбыршин шенеуніктерді сынға алды.

«Ескерту жасайын: біздің министрлер мен вице-министрлер дайындықсыз келеді. Біреуі оқып отыр. Жауаптың орнына баяндама жасады. Екіншісі жалпылама әңгіме айтады. Бірақ бұл бірінші рет емес, бірнеше рет қайталанып отыр. Депутаттар нақты сұрақ қояды, нақты жауап жоқ. Қайта-қайта нақтылап отырамыз. Ондай болмау керек», – деді Жаңбыршин.