Қазақстандықтарды Газа секторынан эвакуациялай бастады

Qaz365.kz редакциясы

Шығу Рафак өткізу пункті арқылы жүзеге асырылады

REUTERS

Сыртқы істер министрлігі Газа секторынан қазақстандықтарды эвакуациялау басталғанын хабарлады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, бүгін, 13 қарашада 44 адамды эвакуациялау жоспарлануда. Олардың 4-і қазақстандықтардың отбасы мүшелері, бірақ басқа елдің азаматтары деп түсіндірді ведомство.

Эвакуациялауды бастағандар қатарында біздің елден бөлек тағы 9 елдің, соның ішінде Марокко мен АҚШ-тың өкілдері бар.

Шығу Рафак өткізу пункті арқылы жүзеге асырылады.