Келесі жылы 17 наурызда Ресейде президент сайлауы өтеді

Qaz365.kz редакциясы

Шешім бірауыздан қабылданып, оған 162 сенатор дауыс берді

ort-tv.ru

Федерация кеңесі пленарлық отырыста Ресей Федерациясы президентін сайлауды 2024 жылдың 17 наурызына тағайындау туралы қаулы қабылдады, ол ресми жарияланған сәттен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

– РФ Федералды кеңесі Ресей Федерациясы президентін сайлауды 2024 жылдың 17 наурызына белгілеу туралы шешім қабылдады. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді, – делінген құжатта.

Шешім бірауыздан қабылданып, оған 162 сенатор дауыс берді.

Федерация кеңесінің Конституциялық заңнама және мемлекеттік құрылыс комитетінің басшысы Андрей Клишас Федерация кеңесі қаулысының күшіне енуі іс жүзінде сайлау науқанын бастайтынын айтты. Сонымен қатар, сенатор Ресейдің орталық сайлау комитеті сайлау күнін бекіту туралы шешім жарияланған күннен бастап 10 күн мерзімнен кешіктірмей көпкүндік дауыс беру туралы шешім қабылдауы мүмкін екенін жеткізді.

Сайлау заңнамасына сәйкес, сайлау күнін Федерация кеңесі бекітеді. Парламенттің жоғарғы палатасы дауыс беру күнін сайлауға дейін 100 күннен ерте емес немесе 90 күннен кешіктірмей белгілеуі тиіс.