Президенттік жастар кадр резерві: болашақ шенеуніктердің есімі белгілі болды

Qaz365.kz редакциясы

Ұлттық комиссияның шешімімен резервке 50 адам қабылданды

elorda.info

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу аяқталды. Ұлттық комиссияның шешімімен резервке 50 адам қабылданды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпыұлттық комиссияның қарауына жіберілген 100 үміткердің қорытынды кезеңнен өтпей қалған 50-іне өңірлік кадрлық резервтерге өту ұсынылады.

"Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған азаматтар саяси лауазымдарға, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, "Б" корпусының басшылық лауазымдарына тағайындалуы мүмкін. Резервте болу мерзімі – 3 жыл", – делінген хабарламада.

Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдардың тізімін мына жерден көруге болады.