Қошанов Назарбаевтың билікке араласуына қатысты пікір білдірді

Qaz365.kz редакциясы

Журналист экс-президенттің белсенділігіне қатысты сұрақ қойды

Ақорда

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде ешбір мемлекеттік істерге араласпайды. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Экс-президенттің белсенділігіне байланысты алаңдайтын мәселе бар ма? «Ескі Қазақстан» мен «Жаңа Қазақстанның» арасында текетірес бар ма?» – деп сұрады тілшілердің бірі.

Себебі жақында экс-президент Астана клубы жиынын өткізді, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. 

«Халықтың және сіздің (журналиске) алаңдауға негіз жоқ. Бүгінде қос билік жоқ. Ол болуы мүмкін де емес. Бүгінде барлық шешімді халық сайлаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап отыр. Сіздің сұрағыңызға тоқталайын. Экс-президент бүгінде мемлекеттік істерге араласпайды. Екіншіден, жаңағы кездесулері, өткізіп жатқан іс-шаралары, жол сапарлары – оның барлығы жеке азамат ретінде өзінің құқығын пайдаланып жатыр», – деді Ерлан Қошанов.