Ресей әскері Киев пен Харьковқа жүздеген ракетамен ауыр соққы жасады

Qaz365.kz редакциясы

“Кинжал” зымыранымен атқылаған

Bikha

Белгородқа жасалған шабуылдан кейін қарымта ретінде Ресей әскері Украинаның қалаларына шабуыл жасап жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2 қаңтар түнде және таңертең Ресей Украинаға соққы жасады. Украина ақпарат көздері қалаларға “Кинжал” зымыранымен атқылағанын хабарлайды.
 
Киев билігі қаладағы тұрғын үйге түскен ракетадан бір адам қаза тауып, 27 адам зардап шеккенін, ал Харьков билігі 44 адам жараланып, бір адам қаза болғанын хабарлайды. Жарақат алғандардың бесеуі бала. Харьковқа түскен ракеталар тұрғын үйлермен қатар, дүкендерді, инфрақұрылым нысандарын, жанар-жағармай бекеттерін қиратқан. Киевтің кей аумағында жарық өшіп қалған. 

Ресей тарапы шабуылға қатысты еш ақпарат таратқан жоқ.

Украина президенті Зеленский шабуылдар салдарынан 92 адам зардап шегіп, төрт адам қаза болғанын хабарлады. Оның айтуынша, қалаларға 170 “шахед” пен ондаған әртүрлі ракета түрі жіберілген. Көбі азаматтық нысандарға бағытталған.
 
29 желтоқсанда Ресей Украина аумағына ракетамен шабуыл жасап, 30 адам қаза тауып, 160 адам жараланған еді. Ал 30 желтоқсанда Украина Ресейдің Белгород қаласын атып, 24 адам қаза болды, 100-ден аса адам жараланған болатын.