Іс сотқа жіберілді
Бас прокуратураның сотқа дейінгі тергеу қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Тергеу қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-бөлігі (ауыр зардаптарға әкеп соқтырған, билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша жүргізілген. Іс сотқа жіберілді.
Бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Самат Әбіштің үстінен лауазымын асыра пайдалану бойынша іс қозғалғанын, ешқайда кетпеу туралы қолхат алу бұлтартпау шарасы қолданылғанын айтқан еді.
Ол тергеуші шақырса, өзі келеді. Әбішевті ешкім қадағаламайды. Үйқамаққа алынған жағдайда ғана оны құзыретті органдар бақылайды деген болатын.